«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗЕКТІ ЖЕҢІС

 

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы – Абу-Даби қаласында өткен “UFC 242″ турнирінде жеңіл салмақтағы “UFC” (ережесіз жекпе-жек) чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов кезекті қарсыласы америкалық Дастин Порьемен кездесті. Бұл бәсекеде дағыстандық спортшы жеңіске жетіп, чемпиондық атағын екінші мәрте қорғап қалды. 

Жекпе-жек үш раундқа созылды. Қызықты әрі ұзақ айқас өткізуге уәде берген дағыстандық барлық раундтар бойы басымдық танытты. Алғашқы раундтан-ақ Хабиб қарсыласын партьерге құлатып, тырп еткізбеді. Дастин тығырықтан шығар жол іздегенімен, еш айла-тәсіл қолдана алмай, шарасыздық танытты. Екінші раунда америкалық кеткен есесін қайтармақ болып, 4-5 соққысын соққысын сәтті өткізді. Үшінші раундта Хабиб Нурмагомедов “гильотина” яғни, қылқындырысу әдісін сәтті қолданып, маңызды жекпе-жекте жеңіске жетті. Ал Дастин Порье өз мансабында осымен алтыншы рет жеңіліс тапты.

Жеңіске жеткен ресейлік бұл жолы 6,09 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапты. “UFC” ресми баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл промоушен тарихындағы ең үлкен гонорар. Бұған кейін ақылы трансляцияларды сатудан түскен төлем қосылатын болады. Ал Дастин Порье 290 мың АҚШ доллар гонорар алды.

Сурет https://m.sport-express.ru сайтынан алынды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp