«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗЕКТІ ТУР БАСТАЛДЫ

Тараз және Петропавл қалаларында волейболдан “А” тобындағы ерлердің ұлттық лига командалары арасында үшінші турдың ойындары басталды.

Қазақстан волейбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Тараз қаласында “ШығысҚорғасынҚұрылыс”, “Алматы”, “Тараз” және “Павлодар” сынға түседі. Ал Петропавлда алаң иелері “Есілмен” бірге “Атырау”, “ТНК “Казхром” (Хромтау) және “Конденсат-Жайықмұнай” клубтары өзара күш сынасады.

Петропавлдағы “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы күні есілдіктер “ТНК “Казхром” құрама командасымен кездесті. “Есіл” құрамасы әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың арқасында үш ойынның екеуінде жеңіске жетіп, келесі ойынға жолдама алды.  

Бұл тур ойындары үш күнге созылып, 29 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp