«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЙБІР ҚҰС ЕТІ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ

Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мәліметінше, өңірімізде кей құс өнімдерінің сатылуына уақытша тыйым салынды.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті кей өнімдерден қорғау жөнінде еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Онда еліміздің тұтынушы нарығында өткізілген кейбір құс өнімдері Кеден одағының техникалық тәртібіне сай келмейтіндігі, жасалған санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде патогендік микрофлора, яғни сальмонелла инфекциясы анықталғаны жөнінде айтылған. Оған қоса, өнімде ылғалдың мөлшері шамадан тыс көп болып, таңбасында да қателік кеткен.

“Благодаренский” құс еті комбинаты” ашық акционерлік қоғамының “Благояр”, “Нагайбакский птицеводческий комплекс” және “Юбилейное” жауапкершілігі шектеулі қоғамдарының “Хорошое дело” құс еттерін елімізде сатуға уақытша тыйым салынды. Олардың барлығы Ресейде өндірілген.

Егер аталмыш өнімдердің сауда орындарында сатылу фактісі тіркелген болса, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне мына нөмірлер бойынша 51-93-70, 51-88-64 хабарласуға болады.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp