«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛЕСІ ЖОЛЫ – ПЕТРОПАВЛДА

Ақтөбе қаласында бір аптаға созылған ұлттық спорт түрлерінен республикалық V фестиваль өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға еліміздің он жеті өңірінен 800-ге жуық спортшы қатысты.

Фестиваль аясында өткен бәйге, аламан бәйге, құнан бәйгелердің бас жүлдесіне автокөліктер тігілді. Біздің облыстың командасы бәйгеден бірінші орынды қанжығасына байлап қайтты.
Жалпыкомандалық есепте жүлделі бірінші орынды Түркістан облысы иеленді. Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы тұрақтаса, Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеді.
Ақтөбе өңірі төрт жылда бір рет өтетін жарыстың жалауын Солтүстік Қазақстан облысына салтанатты түрде табыстады. Енді Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі 2023 жылы Петропавл қаласында өтеді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp