
Орта салмақтағы үш белді нұсқа бойынша әлем чемпионы атағынан айырылғаннан кейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин біраз уақыт шаршы алаңға шықпаған еді. Енді, міне, даңқты отандасымыздың қай күні және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.
“GGG” биылғы жылдың 8 маусымында Брэндон Адамспен қолғап түйістіреді. “Зеңбірек” деген лақап атпен танымал 29 жастағы АҚШ боксшысы 23 мәрте рингке көтеріліп, 21 рет жеңіске жеткен, 13 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Былтыр Адамс төрт кездесу өткізіп, Тайрон Брансон, Эрик Уокер, Шейн Мослиден және Евгений Хитровтан басым түсті.
Бұл қазақстандық боксшының “DAZN” компаниясымен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болғалы тұр.