“WBA” (Super) және “WBC” (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін 17 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы “IBF” тұжырымы бойынша осы салмақта әлем чемпионы, 26 жастағы канадалық Давид Лемье болады.
Бұл жекпе-жек ақылы трансляция жүйесі (PPV) арқылы “HBO” телеарнасында көрсетіледі. Осы кездесу аясында әлі жеңіліп көрмеген “WBC” тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, 28 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес шаршы алаңға шығады.