Мемлекеттік қызметші еліміздің мемлекеттiк органындағы тұлға болғандықтан, ол моральдық-этикалық нормаларға сәйкес мінез-құлық қағидаларын да берік ұстануға міндетті. Ал егер шенеуніктердің әдеп талаптарын сақтамауын немесе басқа да келеңсіздікті
байқасаңыз, онда “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Артур Молдағұловтың жеке қабылдауына келіп, шағымдануға болады. Азаматтарды осы мәселелер бойынша қабылдау 2016 жылдың 8 сәуірі күні сағат 11-ден 12-ге дейін, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 15-үй мекенжайында орналасқан “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының ғимаратында өтеді.
Қажетті анықтамаларды 8 (7152) 36-94-52, 36-92-34 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
департаментінің баспасөз хатшысы.