«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КЕЛІМСЕКТЕР” ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Облысымызда “Келімсек” жедел-алдын алу шарасы өтті. Оның мақсаты – көші-қон заңнамасының бұзылуына, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға, келімсектердің әрі-бері келіп-кетуіне жол бермеу. Облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышев полиция қызметкерлері өңірімізде тіркелмей жүрген және заңсыз жұмыс істейтін шетелдіктерді, сонымен бірге оларға заңға қарама-қайшы делдалдық жасайтын Қазақстан азаматтарын анықтауға айрықша назар аударғанын айтты.

“Келімсек” іс-шарасының алғашқы тәулігінің өзінде ғана шетелдіктер барынша шоғырланатын жатақханалардағы, қонақ-үйлердегі, базарлардағы, теміржол сапаржайындағы, құрылыс нысандарындағы 1 мыңнан аса орын тексерілді. Келімсектердің 44 заң бұзушылығы анықталды. 24 шетелдікке тұрып жатқан мекенжайы бойынша ішкі істер органдарында тіркелуге ескерту жасалды. Ал 7 адамға тіркелген орындарында тұрмағаны үшін айыппұл салынды, 13 адамның елімізде болуының мерзімі қысқартылды.

Заңды қасақана өрескел бұзған екі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуге тартылса, осы заңнаманың 394-бабымен бір адамға “Заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін” үкім шығарылды. Осы орайда еліміздің 14 азаматы шетелдіктерді орналастыруда заңды бұзғаны үшін айыпталса, бір адам шетелдікті заңсыз жұмысқа салғаны үшін істі болды.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp