Елімізде келіндерге арналған анонимді әлеуметтік желі пайда болады, деп хабарлайды Bnews.kz. Жаңа сайтты жасаушы – Назарбаев Университетінің студенті Дидара Пернебаева.
“Kelin” деп аталатын желі төрт функциядан тұрады: тесттер, тағам түрлері, сөздік және құпиялар. Тестте салт-дәстүрге қатысты 13 сұрақ бар, соларға жауап беру арқылы келіндер өзінің қандай келін екендігін анықтайды. Екінші бөлімде ұлттық тағамдарды қалай дайындау керектігі жазылған.
Әлеуметтік желінің анонимді болуы да бекер емес. Қазақстанның әр аймағындағы келіндер енесіне қалай ұнау керектігін өзара бөлісу үшін, құпия айту үшін анонимді болғаны дұрыс деп шештік», – дейді Д.Пернебаева.
Өнертапқыштың айтуынша, аталған желі мобильді аппараттарға арналған қосымша ретінде жасалған және осы апта App Store мобильді дүкенінде пайда болады.
“Тұрмысқа шығып жатқан қыздардың көпшілігі жаңа отбасыға бейімделе алмай жатады. Әрбір үшінші жұп елімізде ажырасып кетеді. Сондықтан осындай жоба жасау идеясы туындады”, – дейді жоба жетекшісі.
Хабар BNews.kz веб-сайтынан алынған.