Петропавл қаласындағы саябақтарда кене қаптады, — деп хабарлады qzmedia.kz сайты.
Қазір қала көшелерінде қыдырып жүрген кез-келген адам кенеге тап болуы мүмкін. Облыс аумағында әзірге адамдарды кененің шағу дерегі тіркелген жоқ. Ал көршілес Қостанай облысында көктем басталғалы 6 адам қансорғыш жәндіктен зардап шеккен, олардың төртеуі – бала. Сондықтан дәрігерлер жерлестерімізді абай болуға шақыруда.
Кене маусымы әдетте сәуірде басталып, алты ай бойы жалғасады. Әсіресе, мамыр-маусым айларында кенелердің белсенділігі жоғары.
www.qzmedia.kz