«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кепілдендірілген көмек әрқашанда тегін

Қазір кейбір медициналық мекемелер адамдарға медициналық әлеуметтік міндетті сақтандыру жүйесіне енбеген екенсіз, ендеше кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуге болмайды дегенді шығарыпты. Ондайлар біздің қаламызда да кездесіп қалады. Осындай оқиғалардың жиілеп кетуіне орай кеше «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ баспасөз релизін таратып, мұндай қылықтардың дұрыс еместігін жариялады.

 Онда барлық азаматтарға ӘМСҚ шеңберіндегі көмектен бас тартылмайтындығы айтылған. «Медициналық көмектің кепілдік берілген тегін көлемі адамдардың МӘМС жүйесіне қатыспағанына қарамай барлық азаматтарға көрсетіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакеті бойынша медииналық қызметтерді ұсынудан бас тартылмауы тиіс», делінген онда.
Әрине, өзі «тегін» деп тұрса ол барлық азаматтарға да жасалуы керек қой. Бірақ медициналық мекемелердің кейбір басшылары мұны дұрыс түсінбеген екен. Немесе сақтандыру жүйесіне осындай әдіспен халықты енгізіңдер деп жоғарыдан астыртын бұйрық берілген. Медицина саласында ондайдың неше атасы болатындығы туралы осы күні халық жақсы біледі…
«Медициналық сақтандыруларына болмауына байланысты пациенттерге медициналық көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы шағымдар жиілеп кетті. ТМККК-ге кіретін медициналық көмек кез келген мұхтаж пациентке тегін және кедергісіз көрсетілуі тиіс екенін атап өткен жөн», – делінген ӘМСҚ баспасөз парақшасында. Ал бұларға не жататынын ескерте кететін болсақ, ол «жедел және шұғыл медициналық көмек», «емханаларда қызмет көрсету», терапевтің қабылдауы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар науқастарды мамандардың қабылдауы және консультация беруі, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті бақылау. Сондай-ақ диагностика және емдеу, белгілі бір аурулармен диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары тегін негізде дәрі-дәрмек алуы да және т.б. осыған енеді.
Осындайларды жерлестеріміздің біле жүргені дұрыс шығар деп хабардар етіп отырмыз.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp