“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ директорлар кеңесінің шешімімен ішкі құжаттарға шағын несие ұйымдарын кепілдіксіз несиелеуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамы 2007 жылдан бастап “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым болып табылады. Аталмыш қаржы орталығы ауылдық шағын несиелеуді дамыту бойынша мемлекеттік саясатты 2005 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Қордың өңірлердегі филиалдары арқылы ауыл тұрғындарына түрлі несие бағдарламалары бойынша шағын несиелер берілуде. Сонымен қатар, қор ауылдарға бағытталған шағын несие ұйымдары (ШНҰ) жүйесін дамытуда. Бұл жүйе келешекте ауылдағы қаржылық инфрақұрылымның негізгі тетігі бола алады.
Бүгінде бұл қорды ауылдық шағын несие ұйымдарын қомақты несиелеумен айналысатын жалғыз ұйым деп айтуға болады. 2007 жылдан бастап ауылды жерлерде жұмыс жасайтын оның саны бес есе көтеріліп, аталмыш жүйе арқылы жыл сайынғы қаржыландыру көлемі 10 есеге өсті, берілетін шағын несиелер бойынша орташа сыйақы үстемесі айтарлықтай азайды. 2007 жылдан бастап қор ауылдық шағын несие ұйымдарына 15,5 миллиард теңгеге 345 қарыз берді. Осы қаржының арқасында 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Шағын несие ұйымдарының несиелеу бағдарламасы ауылдарда, шағын және моноқалаларда өз бизнесін ашатын немесе кеңейтетін жеке және заңды тұлғалар үшін несиелік ресурстарға қолжетімділігін арттыруға бағытталып, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы мен бизнестің басқа да түрлерін дамытуға беріледі.
Шағын несие ұйымдары үшін қарыздың сомасы – 10 миллион теңгеден бастап, 350 миллион теңгеге дейін, түпкі қарыз алушылар үшін 3 миллион теңгеге дейін, жеке тұлғаларға және 8000 айлық есептік көрсеткішпен заңды тұлғаларға беріледі. Кепілдіксіз несиелеу бойынша сыйақы үстемесі жылына 12 пайызды құрайды, тиімді жылдық сыйақы үстемесі 12,6 пайыздан аспайды. Кепілдікпен қамтылған қарыздар бойынша жылдық – 9,5 пайыздан, жылдық тиімді сыйақы үстемесі 10,1 пайыздан аспайды.
Қор тарапынан қарыз алушыларға бірнеше талап қойылады. Несиені жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған шағын несие ұйымдары ала алады. Ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы болу керек, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша, екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржылық институттар алдында мерзімі өткен берешегі болмау керек. Несие тарихы болатын болса, жағымды болуы қажет. Кепілдіксіз қаржыландырылатын несие ұйымдары жұмыс нарығындағы 36 айдан кем емес тәжірибесі, 150 миллион теңгеден төмен емес несиелік қоржынының көлемі және қоғам қолданысындағы рейтингтерді бекіту әдістемесі бойынша несие рейтингінің болуы қажет.
Жұмыс тәжірибесі жоқ шағын несие ұйымдарына қойылатын талаптар өзгермеді: 100 пайыз өтімді қамтамасыз етуді ұсыну (жылжымайтын мүлік, екінші деңгейдегі банк кепілдемелері, депозиттер); кепілдік қамтамасыз ету ретінде түпкі қарыз алушылардың мүліктері қойылмайды; сұралған қарыз сомасынан өз капиталының үш есе артық болуы; бірінші қарызды уақтылы өтегеннен кейін ұйымнан бірінші қарызды алған күні бір жылдан асқан соң қарыз алушыны қаржыландыру жалпы негіздермен жүргізіледі.
“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры”
АҚ-ның баспасөз қызметі.