«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Керекулік көрермендер ықыласы

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры жуырда Павлодар облысына гастрольдік сапармен барды.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында үш күн қатарынан өнер көрсеткен жерлестеріміз керекуліктерге М.Супониннің “Бұртима” ертегісін, Қожаберген Толыбайұлының “Елім-ай” дастанының желісімен сахналанған “Дауылпаз баба – Қожаберген” қойылымын, Асахмат Айларовтың “Келісімшарт бойынша қалыңдық” комедиясын көрсетті.

– Павлодарлық өнерсүйер қауым біздің актерлердің өнеріне өте жоғары баға берді. Оларға, әсіресе, халқының бостандығы, болашақ ұрпақтың бақыты жолында қасық қаны қалғанша күрескен Қожаберген бабамыздың ғибратты ғұмыры арқау болған спектакль ерекше әсер етті, – дейді С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының бас режиссері Баатырбек Шамбетов.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp