«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕРЛИНГШІЛЕР – ЕКІНШІ ОРЫНДА

Алматы қаласында ІІ қысқы жастар ойындарының аясында керлингтен ел біріншілігі және Еуразиялық кубогы өтті. Солтүстікқазақстандықтар сегіз құрама команданың ішінде екінші орынға ие болды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Бәсі биік додада өңір намысын қорғаған құрамамыздың негізі – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері.  

 Анна Пенькованың айтуынша, біздің өңірде спорттың бұл түрі 2013 жылдан бері Денис Зерновтың жетекшілігімен дамып келеді. Алдағы уақытта облыс орталығында ашылған жабық хоккей кортында “Керлинг” мектебін ашу жоспарланған. Оған қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp