«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕШІРІМШІЛ ӘЙЕЛДЕР, ЖАНЖАЛҚҰМАР ЕРЛЕР

Петропавл қаласында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 3 қылмыс тіркелді. 96 қалалық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 жағдайда әйелдер дене жарақатын алып, айтарлықтай зардап шекті. 76 іс бойынша материалдар сотқа жолданды. Полицияның мәліметінше, нәзік жандардың дені ерлерді кешірген. Ақырында тек 13 жанжалқұмар ғана жауапқа тартылған.

Мәселен, дене жарақаттарымен ауруханаға түскен 32 жастағы келіншек күйеуіне ешқандай айып тақпайтыны туралы өтініш жазған. Оның 35 жастағы азаматтық некедегі жұбайы енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы неғайбыл. Әйелдердің осындай кешірімшілдігі отбасында қол көтерудің тыйылмауына себеп.
Петропавл қалалық полиция басқармасында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын топ жұмыс істейді. Онда 39-48-56 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp