Кеше, 1-Белорус майданынан қазақ халқының ардагер ұлы, даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры, гвардия аға лейтенанты Жəлел Қизатов Петропавл қаласына келді.
Қизатов Жəлел жолдасты партия, кеңес жəне комсомол ұйымдарының өкілдері, батырдың туысқандары, анасы Жамал қошеметпен күтіп алды.
Кеңес Одағының Батыры Жəлел Кизатов жолдас қаладағы бірнеше өнеркəсіп орындарында болды. Онда таңдаулы жұмысшылармен жəне инженер-техник қызметкерлерімен кездесіп, оларға майдандағы айбынды Қызыл Армия жауынгерлерінің ерлік істері жөнінде айтты. Жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлер өздерінің даңқты жерлесіне еңбек майданында тынбай қажырлы еңбек істейміз, сөйтіп Октябрь мерекесі алдындағы социалистік жарыста жаңа зор табыстарға жетеміз, деп уəде берді.
Жəлел Батыр бүгін Ленин ауданындағы өзінің туған ауылы «Бұлақ» колхозына жүріп кетті. Ол облысымыздың аудандарын аралап, олардың жұмысымен таныспақ.
«Ленин туы» газеті,
27 қазан 1942 жыл.