«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫ” КЕҢЕС БЕРЕДІ

Елімізде ауыл жастарының облыс орталықтарында жақсы тұрмыс, жалақысы жоғары жұмыс іздеп, көшіп-қонып жүргеніне

етіміз үйренді. Бүгінде белсенді азаматтардың өз құқығы мен жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы білмегендіктерінен жастар өз мүмкіндіктерін толықтай қолдана алмай отыр. Осыған орай өткен жылы “Жас Отан” жастар қанатының “Жастар – ауылға!” жобасының аясында қала орталығындағы “Тайга” базарында “Кеңес орталығы” консалтинг ұйымы өз жұмысын бастаған болатын. Аталған орталықтың негізгі мақсаты – ауыл жастарының белгілі бір кәсіпке бағытталуына тәжірибе жүзінде бағдар беріп, оларға заңдық әрі психологиялық тұрғыда көмек көрсетіп, сондай-ақ, ауыл жастарына білім беруге, жұмысқа орналастыруға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды түсіндіру. 5-6 адамнан құралған жедел топтар ауылдық жерлерге барып, жастармен кездесулер өткізіп отырады. Аталмыш санаттағы азаматтар үшін жеке әңгімелесулер мен топтық басқосулар ұйымдастырылады, жастарға жүзеге асырылып жатқан “Даму” жеке кәсіпкерлікті дамыту, “Жұмыспен қамту – 2020”, “Қолжетімді тұрғын үй – 2020”, “Жастар кадрлық резерві” сынды мемлекеттік бағдарламалар туралы түсінік беріледі.

Осы уақыт аралығында орталықтың атқарған жұмысы аз емес. Бізге көмек сұрап келген жастардың басым бөлігін жеке баспана және жұмысқа орналасу мәселелері алаңдататындығы анықталды. Мәселен, орталықта “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қабылдау жүргізіп, 21 жасқа көмек қолын созды. Қор өкілдері кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанттары кәсібін жаңадан ғана бастаған бизнес өкілдеріне, сол сияқты, кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктері жайлы айтып, қойылған сауалдарға жауап берді. Олардан қалыспаған облыстық салық басқармасының мамандары – 4, жұмыспен қамту орталығы – 64, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – 76, құқық қорғау органдары – 4, облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың өкілдері 17 жасқа кеңес берген.

Көмекке жүгінгендердің біреуі “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан “Жас кәсіпкер мектебі” курсынан өтіп, сертификат алса, 40 адам жұмысқа орналасты. Ал 35 адам “Жасыл ел” қатарына қосылса, 11-і “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-да есепшот ашты.

Қала базарларында сатушы, жүк тасушы, күзетші болып жұмыс істеп жүрген жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында алты спорт шарасы ұйымдастырылды. Алдағы уақытта орталық “Қазақстан” кинотеатры басшылығымен келісім жасасып, “Тайга” базарының жұмысшы жас азаматтары үшін ақысыз көрсетілімдер ұйымдастыруды жоспарлауда. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу қолға алынбақ.

Сәбина ЖАҚЫПОВА,

“Кеңес орталығының” кеңесшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp