«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАЙДЫ

«Самрұқ-Қазына» АҚ-ның  әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мектеп оқушылары арасында республикалық байқау жариялады.

«Туған елге саяхат» жобасы аясындағы бұл байқауға 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады. Сәуірдің 15-нен мамырдың 17-не дейінгі аралықта балалар «Өз өңірімде нені өзгерткім келеді», «Өз қаламды не үшін жақсы көремін» тақырыбына шығарма, өлең жазып, немесе видеоматериал әзірлеп, өз мүмкіндіктерін сынай алады. Жеңімпаздар  осы жоба аясында еліміздің көрікті жерлерін тегін аралап, тарихи ескерткіштермен танысады. Алғашқы сапар маусымның 1-не жоспарланған, жаз бойы осындай үш тур ұйымдастырылмақшы.Осылайша, «Samruk-KazynaTrust» қоры алдағы жазда 600 баланың демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуді көздеп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp