«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КИНО КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

Петропавлда Қазақстан мен Ресей киносының күндері ашылды.

Алғашқы күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының  ресейлік кино шеберлерімен  бірлесіп  шығарған «Әміре» көркем фильмі көрсетілді. Бұл картина өткен ғасырдың басында Париж сахнасында ән шырқаған атақты өнер иесі Әміре Қашаубаевтың қиын тағдыры туралы баяндайды. Үш күн бойы  Петропавлдың бірнеше кинотеарларында «Анаға апарар жол», «Оралман», «Жаңғақ ағашы», «28 панфиловшы» сияқты соңғы жылдары түсірілген жаңа туындылар  тегін көрсетіледі. Кино күндерінің ашылу салтанатына 71-ші Канн фестивалінде «Үздік актриса» сыйлығын жеңіп алған жерлесіміз Самал Есләмова құрметті қонақ ретінде қатысты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp