
Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі медициналық колледж директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкеріне 50 мың теңге пара берді деген күдікке ілінді. Департамент қызметкері тексеріс кезінде анықтаған өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне көз жұма қарауы үшін колледж директоры фармацевт М.Т.Әбдікәрімованы делдал ретінде жұмсаған.
1 қараша күні Петропавл қалалық сотының үкімімен М.Б.Ахметова пара бергені, ал фармацевт М.Т. Әбдікәрімова пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, сондай-ақ екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Сурет https://www.zakon.kz/ сайтынан алынды.