«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОМАНДАДА ЖАҢА БАПКЕР

Петропавлдық “Қызылжар” футбол командасына бас бапкер болып молдовалық маман Вячеслав Руснак тағайындалды. 

Вячеслав Руснак 1975 жылы Молдованың Бельцы қаласында туған. Спорттық мансабын 1992 жылы жергілікті “Олимпия” командасында бастаған. 2004-2010 жылдары Қарағандының “Шахтер” командасының намысын қорғады. 2011 жылдан бері бапкерлікпен айналысып келеді. Соңғы қызмет еткен орны – Молдованың “Милсами” командасы. Аталмыш клуб 2017 жылы өз елінде күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, “Қызылжар” командасының бапкерлер құрамына Юрий Чухлеба, Андрей Мацюра, Александр Петухов және Александр Кучма кірді. Команда былтыр бірінші лигада сынға түсіп, турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Соның нәтижесінде биыл Премьер-лигада бақ сынауға мүмкіндік алды. Ал команданы осындай жетістікке жеткізген Әли Әлиев бас бапкерлік қызметінен босатылды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp