«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОМИССИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов пен республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті.  

Тұрғын Сыздықов комиссия өкілдеріне штаб жұмысы жайында хабарлады. Сондай-ақ, насихат материалдарымен таныстырып, аймақтардағы шаралар және алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді.

Айқын Қоңыров бақылаушылардың назарына ҚКХП кандидатының үгіт-насихат материалдары БАҚ-та толық жарық көріп отырғандығын жеткізді.

Сайлау науқаны басталғаннан бері БАҚ-пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде 40-қа жуық Интернет желісінде кандидат және сайлауалды штаб туралы жүздеген материал және бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала жарық көрді. Жалпы алғанда, Сайлау науқаны басталғалы республикалық штабтың ұйымдастыруымен Тұрғын Сыздықовтың Қазақстанның 5 аумағында сайлаушылармен 11 кездесуі өтті.

ҚКХП кандидатының насихат автокеруені Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында болды. Бүгінгі күнде сайлауалды науқанға облыс орталықтарында 203 қалалық және аудандық комитет, 2 мыңнан аса бастапқы партиялық бірлестік белсенділік танытып, аймақтық штабтар сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда.

* * *

Кандидаттың Алматы және Павлодар облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өз жұмыстарын жалғастыруда.

Талдықорған қаласындағы сенімді өкілдер Батыс стандарттарының теріс ықпалы жайында мәселе көтерді.

Т.Сыздықовтың бағдарламасы Павлодар қаласында да кеңінен талқыланды.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp