«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОМПЬЮТЕРЛЕР ҮЛЕСТІРІЛУДЕ

Жаңа оқу жылы қарсаңында көп балалы және аз қамтылған отбасылар жаңа компьютерлермен қамтамасыз етілуде. С.М. Киров атындағы зауытта құрастырылған 400-ден астам техника аудандарға жіберілуде.

– Қазір оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз етудеміз. Жаңа оқу жылы онлайн оқытудан басталады. Қолда бар техникалардың алды оқушыларға үлестірілді. Бірақ қосымша компьютерлерге қажеттілік туып, С.М.Киров атындағы зауыттың көмегімен бұл мәселе шешімін тапты. Аталмыш зауытта құрастырылған компьютерлердің алғашқы легі аудандық білім бөлімдеріне жеткізіледі. Төрт күннің ішінде 470 компьютер аз қамтылған, табысы төмен, көпбалалы отбасылар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға таратылады, – дей келе облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова оқушыларға үлестірілген техникалар пандемиядан соң мектептерге қайтарылатынын айтты. Бұл орайда, ата-аналар мен оқушылар әр техникаға ұқыптылықпен қарауы тиіс. Егер техникада ақау болса, құрастырушы зауыттың қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады. Жалпы, компьютерлердің кепілдік мерзімі – 36 ай.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында басқарма басшысы интернет жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін роутерлер сатып алынып жатқанын да жеткізді. Бұл орайда өңірдегі мектептердің 70 пайызы штаттық режімде, 140-тан астам білім беру ұйымы қашықтан жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.  

 

Сурет: https://www.zakon.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp