Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқармасы мен Әкімшілік полицияның қызметкерлері облыс аумағында “Транзит” жедел-алдын алу шарасын бастады.
Көліктердің заңсыз жолмен әкелінуіне тосқауыл қою, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу, сондай-ақ, кедендік төлемдер мен салықтардың ел бюджетіне түсуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында автобазарларды, тұрақтар мен көлік құралдары бар нысандарды қамту көзделген.
Жедел-алдын алу шарасы кезінде Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзған Қырғызстан Республикасының мемлекеттік нөмірлері бар, сол елдің азаматтары жүргізген 2 көлік ұсталды.
СҚО Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.