“Контрафакт” жедел-алдын алу операциясы барысында зияткерлік меншік саласындағы қылмысты анықтау және болдырмау, контрафактілік өнімдерді дайындау және сатумен заңсыз айналысып жүрген тұлғаларды әшкерелеу бойынша 35 рейдтік шара өткізілді. Бейне-аудио өнімдерді сату орындары, 20 компьютерлік клуб, 8 интернет-кафе, кабельді және жерсеріктік телекөрсетілім орнататын 4 фирма операторы тексерілді. Тексеру барысында контрафактілік өнімдерді таратудың 15 фактісі анықталды.
Криминалдық полиция басқармасының бастығы Мыңбай Асылбековтің айтуынша, полицейлердің прокуратура және әділет департаментінің қызметкерлерімен бірлескен жұмысының нәтижесінде заңсыз айналымнан 1012 контрафактілік DVD дискі шығарылды. Сондай-ақ, еркін айналымға шығаруға тыйым салынған тауарларды сатумен айналысып жүрген 13 тұлға анықталып, барлық фактілер бойынша соттауартанулық сараптама тағайындалды. Келтірілген залалдың сомасын анықтау мен процессуалдық шешім қабылдау үшін аталған сараптама авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі қазақстандық қауымдастыққа жолданбақ.
Контрафактілік өнімдерді сатуға жол бермеу жөніндегі жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.