Жоғары технологиялар аясындағы құқық бұзушылықтарды, зияткерлік меншік құқықтарын бұзуды, сол сияқты компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол сұғуды анықтау мен олардың жолын кесу мақсатында 4 ақпаннан бастап ішкі істер департаментінің жеке құрамы “Контрафакт” жедел-алдын алу шарасы аясында жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері DVD-дискілерінің кез келген жердегі сауда орындарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді өткізу орындарын, компьютерлік клубтар мен Интернет-кафелерді тексеруде. Кешенді тексерістердің нәтижелері бірден байқалды.
Мысалы, Петропавлдағы базарларда тәртіп сақшылары контрафактілік 500-ден астам DVD-дискісін алды. Лицензияланбаған дискілер облыс аудандарында да тәркіленді, Тайыншада – 15 дискі, Жамбылда – 41 және Шал ақын ауданында 80 дискі алынды. Барлық контрафактілік тауарлар сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша авторлық құқық иелеріне келтірілген залал сомасы мен жауапкершілік шарасы анықталады.
“Контрафакт” операциясының алғашқы күнінде полиция қызметкерлері контрафактілік сипаттағы 744 дискіні қолға түсірді, 7 заң бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 198 және 208-баптары, атап айтқанда, “Авторлық және аралас құқықтарды бұзу” және “Заңсыз ақпаратқа ие болу” заң бұзушылықтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталмыш жедел-алдын алу шарасы 6 ақпанда аяқталды.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.