Жастар сарайында Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздары “Асқақтай бер, туған ел” атты концерт өткізді.
“ЭКСПО-2017″ халықаралық көрмесіне арналған мәдени шараны облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі “Гауһар тас” әуенімен ашып, қатысушылар әр халықтың әндерін, патриоттық шығармаларын орындады. Оркестрге Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қайырлы Ғафуров пен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, астаналық Дәурен Ғылымов дирижерлік жасады.