Корнеевка ауылында мейбукан годзю-рю каратэ-до бойынша аудан біріншілігі өтті. Оған 50-ден астам каратэші қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша Заградовка орта мектебінің құрама командасы үшінші болса, Чириковка орта мектебінің құрамасы екінші орынға ие болды. Ал Корнеевка гимназиясының “Санкт-Лоренц” командасы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз атанған спортшылар Ресейдің Томск қаласында каратэден өтетін халықаралық жарысқа дайындықтарын бастап кетті.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.