
Қазақстанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 індетінің тағы екі фактісі Алматы қаласында расталған. Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай — Алматыда, 18 дерек — Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.
www.inform.kz