«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Коронавирус жұқтырған 3 835 адам ем қабылдап жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы деректермен бөлісті. Қазір елімізде індет жұқтырған 3 835 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

“Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 835 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр. 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр”, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 78 адамнан коронавирус анықталды, 155 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, елімізде індет жұқтырғандар саны 107134-ке жетті, 101610 науқас жазылып шықты, 1671 адам қайтыс болды.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp