«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Коронавирус инфекциясы анадан балаға тікелей беріле ме?

Сингапурда жүктілік кезінде коронавируспен ауырған жергілікті тұрғын ағзасында вирусқа қарсы антиденелері бар ұлды дүниеге әкелді.

Коронавирус әйелде жүктіліктің 10-шы аптасында анықталған. Әйел індеттің жеңіл түрімен ауырып, 2,5 аптадан кейін ауруханадан шыққан. Ұлы болса COVID-19 қарсы қорғаныс иммунитетімен туылған.
«Бұл өте қызық жағдай. Менің COVID-19-ге қарсы антиденелерім жоғалып кетті, бірақ менің ұлымда бар. Дәрігерім жүктілік кезінде ұлыма антиденелерімді бергенімді жобалайды», — дейді әйел.
Сарапшылар коронавирус инфекциясының анадан балаға тікелей берілуі әлі дәлелденбегенін айтуда. Дәрігерлер нәресте ағзасында бір жылға дейін болатын антиденелер әрқашан туылған кезде анадан балаға берілетінін атап өтуде.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp