«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КРИМИНАЛИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 95 ЖЫЛ

Облыстық Ішкі істер департаментінде криминалистік қызметтің құрылғанына 95 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға Ішкі істер департаменті басшылығы мен криминалист мамандардың қалалық және аудандық жеке құрамы мен ардагерлері жиналды.

Отырысты Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ақан Қажкенов ашып, криминалист мамандардың қылмысты ашу жолындағы рөлінің маңызына тоқталды. Жедел криминалистік басқарма бастығы, полиция полковнигі Ақан Сыздықов басқарманың жұмысымен таныстырды. Мерекелік бұйрықпен жедел криминалистика саласында қызмет істейтін 20-дан астам қызметкер Алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp