«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Кселл» мен MEGOGO «Қарашы, қалай естіледі» бірлескен әлеуметтік жобасын жүзеге асырады

«Кселл» компаниясы мен MEGOGOкомпаниясы «Қарашы, қалай естіледі» бірлескен әлеуметтік жобасында серіктес болды.

Осы бағдарлама арқасында Алматы қаласының екі арнайы түзету мектеп-интернатының есту қабілеті бұзылған тәрбиеленушілері  Алматы қаласының заманауи кинотеатрларында арнайы сеанста сурдоаудармасы бар мультфильмдерді көре алады.

 «Арман» кинотеатрында өткен «Робинзон Крузо: қарақшылар басшысы» атты мультфильмінің бірінші көрсетіліміне 7 жастан бастап 17 жасқа дейінгі 80 бала келді. Жоба қонақтары үшін бұл көрсетілім нағыз мереке болғаны олардың жайдары шынайы күлкілерінен білінді. Заманауи кинотеатрларда сурдоаудармасы бар мультфильмдерді  көру мүмкіндігі – олар үшін шындығында күнделікті үйреншікті емес жарқын және есте қалар оқиға.

Қыркүйекте «Кселл» өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде біз әлеуметтік көптеген жобаларға қолдау көрсеттік. Біз компания мерейтойының құрметіне нашар еститін балаларға арнайы сыйлығымызды дайындағанымызға ерекше қуаныштымыз. Бұл оларға  өздерін кинокөрермендердің үлкен әлемінің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі деп сенеміз. Жоба идеясы  «MEGOGO» компаниясына — MobiKino сервисі бойынша стратегиялық серіктестігімізге тиесілі. Біз осы бастамаға қуанышпен қосылдық. Серіктесімізбен бірге кинотеатрларға бару жоба қатысушыларына аса ыңғайлы және қауіпсіз болуы үшін тырыстық. Балаларға ыңғайлы  автобустар берілді, дәм, сусын және ескерткіш кәдесыйлар бар. Сондықтан олар ұзақ уақыт жақсы көңіл күйде болады, жақсы әсер алады деген сенімдеміз», — деп атап өтті «Кселл» АҚ байланыстар бөлімінің басшысы Наталья Еськова.

Жоба 2018 жылғы қыркүйекте басталды және желтоқсанға дейін созылады. Осы уақыт ішінде мектеп-интернаттардың 200-ге жуық нашар еститін тәрбиеленушілері  «MEGOGO» компаниясы ұсынған 10 толықметражды мультфильмдерді кинотеатрларда сурдоаудармамен көре алады.

MEGOGOбейнесервисі «Қарашы, қалай естіледі» жобасының шеңберінде нашар еститін адамдарға қамқор болады. Жоба мақсаты – барлық адамдар үшін бейнекөріністі қолжетімді ету. Біздің жеке студиямыз бар, ол арнайы контент жүргізеді. Әлеуметтік бағдарламаға барлық құқық иеленушілер қолдау көрсетеді және бейнекөріністі қуанышпен ұсынады, ал біз сурдоаударма және субтитрлер дайындаймыз. Сондай-ақ  MEGOGOыммен сөйлесу курсын түсірді. Мұндағы негізгі ой ымдау тілін тарату және адамдар арасындағы тосқауылды болдырмау. Бейнекөріністі курс қысқа роликтерден тұрады, онда сіз өзіңізді қалай таныстыруды, әңгімелескен адамның атын қалай сұрауды, «рахмет» деп айтуды және күнделікті өмірде қажетті қарапайым сөздерді қалай айтуды білесіз», — деп түсіндіреді MEGOGO-ның  Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджері  Жанар Жораева.

MEGOGO-мен серіктестікте «Кселлдің» MobiKino сервисінде  сурдоаудармасы бар 100 фильм мен мультфильмдерге қолжетімді.

Хадиша Көшебе

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp