«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КУӘЛІКТЕР ТАБЫС ЕТІЛДІ

Облыстық әділет департаментінде жергілікті 29 православиелік діни бірлестік мемлекеттік қайта тіркелу жөніндегі куәлікке ие болды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

“Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңға сәйкес Қазақстандағы барлық діни ұйымдар қайта тіркелуден өтуі тиіс. Бұған дейін облыстағы барлық 64 мешіт куәліктерін алды. Департаментте өткен жиында Петропавл және Булаево епархиясының епископы Гурийге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құрылтай құжаттардың негізінде рәсімделген куәліктер табыс етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp