«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІРПІШ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов іссапармен Қызылжар ауданында болды.

Алдымен өңір басшысы аудандық әкімдіктің алдына қаз-қатар тізілген 20 реанимобильдің мүмкіндіктерімен танысты. Заманға сай жабдықталған көліктер аудандарға таратылып берілмек. Екі ай бұрын облыс орталығындағы автопарк те 18 реанимобильмен толыққан еді. Бүгінгі таңда өңірдегі «жедел жәрдем» көліктерінің саны 59-ға жетті. Енді ауылдықтарға уақтылы жәрдем жасау қиындық туғызбайды. Облыстық жедел медициналық қызмет орталығының бас дәрігері Асхат Өтебаевтың айтуынша, “темір тұлпарлар” соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Олардың, әсіресе, қазіргі пандемия жағдайында сырқаттарға жедел көмек көрсетудегі пайдасы өте зор.
Бұдан кейін Құмар Іргебайұлы Бескөл ауылындағы көпқабатты тұрғын үйде тұратын Ольга Склярованың шаңырағында болды. Іргетасы 1970 жылы қаланған көппәтерлі үй биыл орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылыпты. Осыған дейін отын мен көмір сатып алып, біраз шығындалып келген кейуана енді сол күндер артта қалғанына және жертөледен сыз иісі сезілмейтініне дән риза.
Іссапар соңында өңір басшысы Подгорное ауылында салынып жатқан кірпіш зауытының құрылыс барысымен танысты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp