«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІСІ ӨЛТІРГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Петропавл қалалық полиция қызметкерлері екі тәулік бойы облыс орталығында болған кісі өлтіру қылмысын ашумен айналысты. Көптеген пышақ жарақаты салынған 57 жастағы әйелдің өлі денесін туысқандары 6 қаңтар күні пәтерінен тауып алды. Мерт болған жанның пәтерінен алтын бұйымдары, ноутбук және ұялы телефоны жоғалғаны анықталды.

Кешенді жедел-тергеу шараларын жүргізудің барысында кісі өлтірді деген күдікпен Петропавл қаласының 21-23 жас аралығындағы үш тұрғыны ұсталды, оның біреуі бұрын сотталған екен. Ұрланған заттардың бір бөлігі алынды. Қалалық ішкі істер бөлімінің жеке тұлғаларға қатысты қылмысты тергеу жөніндегі бөлім бастығы Бибігүл Қасенованың айтуынша, ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық істі тергеу аясында бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp