«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІСІ ӨЛІМІНЕ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Жақында облыс орталығында белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Қаза тапқан адамның кім екенін және оның қазасына кінәлі адамды анықтау үшін криминалистер біраз тер төкті. Ақыры, жұмсалған күш-жігер зая кетпей, әйелдің 1995 жылы туғандығы, Петропавлдың тұрғыны екендігі белгілі болды.

Мәйіт сот-медицина сарабына тапсырылды. Ал оның өліміне айыпты деген күдікпен 1977 жылы туған петропавлдық ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Күдікті бір тәуліктің ішінде құрықталды.

Осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабымен іс қозғалды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp