«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІТАПТАРДЫҢ АУДИОНҰСҚАСЫ

Елімізде карантин шаралары енгізілгенімен, өңіріміздегі мәдени-ағарту нысандары жұмыстарын онлайн режімде жал­ғастыруда. С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы тікелей байланысқа шығып, тұрғындарды әр бөлімнің бай қо­рымен таныстыруда. Әсіресе, бүгінгі жағдайда тұрақты оқыр­мандардың сұранысын қанағаттандыру үшін кітап қо­рының аудионұсқаларын назарға ұсынуда. Бұл аудионұс­қа­ларды кез келген оқырман пайдалана алады.

– Біз жуырда кітапхана оқыр­ман­дарын өнер бөліміндегі дискі­лер коллекциясымен таныстыр­дық. Бұл бөлімнің әдебиет қоры бай. Мысалы, “Қазақтың дәстүрлі жүз әні” кітабында ел ішінде кең таралған 500-ге жуық халық әнде­рі жинақталған. Сонымен қатар бет­ашар, сыңсу, көңілашар сын­ды ғұрыптық әндер де топтасты­рыл­ған. Екі бөлімнен тұратын бұл кітапта дәстүрлі әндердің шығу та­рихы мен орындаушылары жай­лы мол мәлімет бар. Осының бар­лығын аудионұсқадан тыңдауға бо­лады, – деді кітапханашы Кәм­шат Әбілкәрімова.
Сонымен қатар өнер бөлімінің ма­мандары оқырмандар назары­на атақты жерлестеріміз жайлы кі­таптардың электронды нұсқала­рын да ұсынды.    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp