«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІТАПХАНАШЫЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Ақжар ауданындағы Қарашілік орта мектебінде “Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ” атты аудандық кітапханашылар семинары өтті. Онда мектеп кітапханаларына оқырмандарды тарту мәселесі және оның жолдары қарастырылды.

Семинар барысында қатысушылар “Тұғыры биік – тәуелсіз елім” тақырыбындағы көрмені тамашалап, егемендік алған жылдары еліміздің жеткен жетістіктері туралы жазылған кітаптармен танысты. Келушілер назарына ұсынылған әдебиеттерге 9-сынып оқушысы Фариза Ашубасар шолу жасады. Одан әрі Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мектептің жеткен табыстары слайд арқылы көрсетілді.

Мектеп кітапханашыларының басты міндеті – оқушыларды оқулықпен толық қамтамасыз етумен қатар балғындардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Білім ошақтарындағы кітапханалардың негізгі оқырмандары бастауыш және орта буын оқушылары екені жасырын емес. Сондықтан шара барысында жоғары буын оқушыларын кітап оқуға тарту мақсатында пікірсайыс ұйымдастырылды. Оның барысында оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын ашық айтып, өз көзқарастарын қорғап шығуға тырысты.

Семинарға қатысқан кітапханашылар мамандықтары туралы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Фарида Казиеваның “Кітап – сарқылмас қазына” атты тренингіне қатысты. Балаларды кітап оқуға тарту мәселелері туралы қатысушылар да тәжірибелерімен бөлісіп, алған әсерлері мен айтар ойларын “Тілек кітабына” жазып қалдырды.

Қарлығаш ТЕМІРҒАЛИЕВА,

Қарашілік орта мектебінің

кітапханашысы.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp