«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІТАПҚҰМАР ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен кітап марафоны өтті. Ереже бойынша оған қатысуға тілек білдірген оқырмандар бір ай көлемінде ұсынылған кітапты оқып шығып, 30 тест сұрағы мен 20 логикалық сұраққа жауап беруі керек болатын. Барлық тапсырманы дұрыс орындаған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері  өздерінің кітапқұмар екендіктерін байқатты. Сөйтіп, аталмыш білім ордасында оқып жүрген Мира Нұрбол  бірінші орынға ие болды. Ол “Айман-Шолпан» жырын оқып шыққан. «Бұл – адамдардың тағдырларын жан-жақты сипаттайтын туынды. Қазақтың өзге эпостық жырларына қарағанда, «Айман – Шолпанда» адам бейнесі шынайы көрсетіледі. Мұнда драманың да элементтері ұшырасады”, – дейді жеңімпаз.

Екінші және үшінші орындар Мұстафа Сегізбаев пен Айман Əлішерге бұйырды. Марафон соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға диплом, бағалы сыйлықтар табысталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp