«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КІТАП ОҚИТЫН АДАМ – ТАБЫСТЫ АДАМ”

Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясында республикалық “Кітап оқитын адам – табысты адам” атты сайыстың облыстық кезеңі өтті. Оған облыстың 9 ауданы мен қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Сайысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа: бастауыш, орта буын және жоғары сынып оқушылары болып бөлінді.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың 7 “Б” сыныбының оқушысы Гүлмира Әбілова “Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы” тақырыбы бойынша С.Мұратбековтің “Ананың арманы” атты шығармасына талдау жасап, өз ойын буклет және коллажға түсіріп, көпшілік назарына ұсынды. Қазылар алқасы Гүлмираның өз ойын жеткізудегі шеберлігіне риза болды. Олардың ұйғарымы бойынша Гүлмира Әбілова І дәрежелі дипломға ие болды.

Бұл шара кітап оқымай, бар мәліметті Интернет желілерінен іздейтін көптеген оқушыға ой салады деген ойдамын. Осындай іс-шарадан кейін олардың таным көкжиегі кеңейіп, кітапқа деген құмарлықтары арта түсері анық. Сондықтан оқушыларды кітап оқуға баулу шаралары әлі де жалғасатын болады. Республикалық “Кітап оқитын адам – табысты адам” сайысының жеңімпаздары сәуір айында сырттай өтетін қорытынды кезеңге қатысады.

Үміт ӘБЕНОВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының кітапхана меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp