«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІШКЕНЕКӨЛДЕГІ ЖАҢА БЕКЕТ

 

Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында орналасқан № 17 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті ашылды.

 Жаңа қосынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев аудандық бөлімшелерде газ-түтіннен қорғау қызметі бекеттерінің ашылуы өртсөндірушілердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, өртке қарсы қызметтің тиімділігін арттырады деп атап өтті.
Жаңа нысанның лентасы қиылғаннан кейін мерекелік шараға жиналған қонақтар бекетті аралап, өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылған экскурсияға қатысты, апаттық-құтқару және өрт-техникалық құрал-жабдықтармен танысты.
Ауданда газ-түтіннен қорғау қызметінің ашылуы № 17 өрт сөндіру бөлімін «Dräger» фирмасының аппараттарымен жабдықтауға мүмкіндік берді. Бұл бөлімге барлығы осындай 12 аппарат, 20 композиттік баллон, 12 панорамдық маска келіп түсті. Осы техникаға қызмет көрсету үшін өрт сөндіру бөлімінде қажетті құралдармен жабдықталған қосын бөлінді. Жергілікті өрт сөндірушілер арнайы оқу оқып, тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен жұмыс істеуге рұқсат алды. Енді олар өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде кез-келген ортада жауынгерлік міндеттерін атқаруға дайын.


Бүгінгі күнге Солтүстік Қазақстан облысының гарнизонында газ-түтіннен қорғау қызметінің 18 бекеті бар, солардың ішінде 13-і аудандарда орналасқан. Биылғы жылдың соңына дейін Тимирязев ауданының орталығында да осындай бекет ашылу жоспарланып отыр. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp