26 тамыз күні таңғы төртте Петропавл тұрғынын аяғынан атқандар ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Мағжан Жұмабаев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында белгісіз екеу 1984 жылы туған Петропавл тұрғынына оқ атқан болатын. Аяғынан жарақаттанған жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Аталмыш факт бойынша, Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3 тармағы бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында қылмыстық іс «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабына, яғни 106 баптың 23 тармағы 7 бөліміне ауыстырылды.
Тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 1997 жылы туған және Петропавл қаласының 1990 жылғы тұрғындарын ұстады. Күдіктілер қамауға алынды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істі тергеу барысын полиция департаментінің басшылығы мен прокуратура бақылауға алған.