«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ТҮСІМІ ЖАҚСЫ

Өңірде күздік дақылдарды жинау толығымен аяқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сәйкес, жалпы ауданы 3,1 мың гектар алқаптан 9,2 мың тонна өнім алынып, орташа түсім 29,3 центнерді құраған. Бұл көрсеткішке Шал ақын, Айыртау, Қызылжар және Мамлют аудандарының диқандары елеулі үлес қосты.

Күздік бидай 1,6 мың гек­тардан жиналып, 5,8 мың тон­на өнім берді, әр гектардан орта есеппен 36,2 центнерден алынды. Ал қамбаға құйылған күздік қара бидайдың мөлшері – 3,4 мың тонна. Оның өнімділігі 22,6 центнерді құра­ды.

Биыл күзде өңір диқанда­рына 4,3 миллион гектар егіс алқабынан алтын дәнді жинап алу міндеті жүктеліп отыр. Оның ішінде 3 миллион гек­тарға дәнді дақылдар егілсе, шамамен 1 миллион гектарға майлы дақылдар орналасты­рылған. Диқандар мол өнім күтіп отыр. Бұл – егістік ал­қаптарын әртараптандыру, әлеуметтік маңызы бар дақыл­дардың көлемін арттыру, 340 мың тонна минералды ты­ңайтқыш енгізу, тұқым сапа­сын жақсарту мен ауыл шаруа­шылығы техникасын жаңарту сияқты кешенді дайындық жұ­мыстарының нәтижесі.

Өңірдегі элеваторлар да жаңа өнімді қабылдауға толық дайын. Бұл диқандардың ең­бегін еш етпей, алтын дәнді сақтауға мүмкіндік бермек.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp