«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЗ СЫЙЫ

Новоишим ауылының орталық алаңында күзгі өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.

Ауылдық округтер белсене қатысқан көрме өте қызықты өтті. Қатысушылар әр топқа бөлініп, өздерінің заттарын жұртшылық назарына ұсынды. Дәнді дақылдар мен жеміс-жидектерден, көкөністерден жасалған әртүрлі тағамдар келушілердің назарын аударды. Әсіресе, Рузаев ауылдық округінің этномәдени бірлестігі бұл шараға ерекше дайындықпен келгенін баса айтуға болады. Олар орталық алаңда киіз үй тігіп, ұлттық салт-дәстүрді насихаттады. Келген қонақтарға сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, Новоишим, Возвышен ауылдық округтерінің де көрмелері көпшіліктің көңілінен шықты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен түрлі бұйымдар мен заттар жасап, мерекенің сәнін келтірді. Ал қатысушылардың өнерін бағалап, көрменің қорытындысын шығару үшін арнайы комиссия құрылды. Осы орайда “Дружба” ауылдық округі бас жүлдеге ие болса, аудандық емхана мен аурухана, Новоишим, Рузаев, Возвышен, Нежинка ауылдық округтері үздіктер қатарынан орын алды.  

Сағыныш УРАЗБЕКОВА.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp