«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН ӘУЕЛЕДІ

Облыстық филармониянда «Әлқисса» фольклорлық ансамблінің онлайн концерті өтті.

«Бабалар мекені Алтай» шығармасымен бастау алған концерт көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. «Әлқисса» фольклорлық ансамблі Қазанғаптың «Ақжелең» күйін орындап, шығармашылық ұжымның сүйемелдеуімен Ғалымжан Нұрпейісов «Сұлу еркем», «Сайра бұлбұл» әндерін шырқады. Халықаралық және республикалық бауқаулардың жүлдегері қобызшы Жәмила Мұстафина да тамаша өнер көрсетті. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, форльклорлық ансамбльдің орындауындағы «Кербез сұлу» күйі көпшіліктің көңілінен шықты. Қазақтың жазық даласы, кербез сұлу көрінісі көз алдыңа елестеткен күйдің құдыреті таудан аққа тұма бұлақтай өне бойыңды шарлап, алпыс екі тамырынды шымырлатқандай. Онлайн концерт барысында өзге де туындылар орындалып, көпшілік тамаша кештің куәсі болды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp