«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙ – ҚҰДІРЕТ

Домбыра, сазсырнай, жетіген, нар қобыз, шаңқобыз – атадан мұраға қалған бұл аспап­тардың қоңыр үні жан дүниеңді толқытып, жү­ректі тебірентеді. Әдемі әуен табиғатты тәтті сезімге бөлеп тұрғандай. Жер-Анаға жан бі­тіп, тіршілік атаулы қайта түлеген көк­тем­мен қауышу, бірнеше аспапта шебер ой­найтын өнерлі жігіттің шабытына шабыт қос­қандай.

Біз облыстық филармонияда жұмыс іс­тейтін Айдос Ақылбеков жайлы айтып отыр­мыз. Ол – өңірдегі таңдаулы өнерпаздың бірі. Өйткені, Қызылжарда мұндай кәсіби маман­дар көп емес.

 Жезқазған қаласының тумасы Айдос – Қазақ ұлттық өнер университетін тамамдаған. Алдымен туған жерінде музыкалық учи­лищеде, кейін жоғары білім ал­ған азамат өнер жолын Қызылжардан бас­тауды жөн көрген. Белгілі өнер қайраткері, Әл­қуат Қазақбаев сынды ұстаздан тәлім ал­ған ол шәкірттік парызына адал. Сондықтан өнер жолында биік белестерге ұмтылуды ал­дына мақсат еткен. Колледжде білім алған жылдары түрлі аспаптарда ойнауды үйрен­ген.
– Осыдан он жыл бұрын өзімнің курста­сым Жәмила есімді сұлумен отбасын құр­дым. Сол жылы желдің өтінде, елдің шетінде тұр­­ған Қызылжар өңірінен шақырту ал­дық. Аққайыңдар өлкесі бізді құшақ жая қар­сы алды. Жас отбасы ретінде пәтер берді, – дей келе Айдос Ақылбеков бұл өнер атадан берілген қасиет екенін айтты. Отбасында үш ағайынды болса, үшеуі де өнерлі. Анасы Гүлзада ән айтады.
Жоғарыда айтып өткенімдей, бірнеше үр­мелі, шертпелі аспапта ойнауды үйренген ол аз уақыттың ішінде көрерменнің ыстық ықы­ласы мен қошеметіне бөленді. “Өнерлі өрге жүзер” демекші, шетелдік көрермен­дер­ді де таң­ғалдырған сәттері аз болмады. Ресей, Франция, Хорватия, Сло­вения, Германия елдерінің сахнасында өнер көрсетіп, қобыздың си­қыр­лы үнімен көп­шіліктің көңіліне қуаныш сыйлады. Халық­тың күйініші мен сүйінішін, ой-арманын, мақ­сат-мұратын өнер арқылы өрнектей білген се­­гіз қырлы бір сырлы жігіт ұлтымыздың му­зы­ка­лық мұрасы бай екенін мақтан тұтады.
Өмірдің сырын күй тілімен жеткізген өнер­­паздың алға қойған мақсат-мұраты ұшан-теңіз. Облыстық филармонияның “Се­гіз се­рі” атындағы қазақ халық аспаптар ор­кестрі мен “Әлқисса” фольклорлық ансам­блінің құ­ра­мында өнер көрсетіп жүрген оның жекемен­шік жетіген сыныбын ашпақ ойы да бар.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp