«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙ — ҚҰДІРЕТ

“Әлқисса” фольклорлық ансамблі өз көрермендеріне арнап онлайн концерт өт­кізді. “Бабалар мекені – Ал­тай” шығармасымен бас­тау алған концерт көрер­мендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

“Әлқисса” фольклорлық ан­самблі Қазанғаптың “Ақжелең” күйін орындап, шығармашы­лық ұжымның сүйемелдеуімен Ға­лым­жан Нұрпейісов “Сұлу ер­кем”, “Сайра бұлбұл” әнде­рін шыр­қады. Халықаралық жә­не республикалық байқаулар­дың жүлдегері қобызшы Жә­ми­ла Мұс­тафина өз өнерін ор­та­ға салды. Фольклорлық ан­сам­бльдің орын­дауындағы “Кер­без сұлу” күйі көп­шіліктің көңілінен шықты. Қазақ­тың кең даласын, кербез сұлу та­биға­тын көрермен көз алдына елес­тет­кен күйдің құдіретін айт­саңызшы?! Әсем әуен өне бо­йын шарлап, алпыс екі та­мы­рын идір­ді. Онлайн концерт барысында өзге де туындылар орындалып, көпшілік тамаша кештің куәсі болды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp