
“Әлқисса” фольклорлық ансамблі өз көрермендеріне арнап онлайн концерт өткізді. “Бабалар мекені – Алтай” шығармасымен бастау алған концерт көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
“Әлқисса” фольклорлық ансамблі Қазанғаптың “Ақжелең” күйін орындап, шығармашылық ұжымның сүйемелдеуімен Ғалымжан Нұрпейісов “Сұлу еркем”, “Сайра бұлбұл” әндерін шырқады. Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері қобызшы Жәмила Мұстафина өз өнерін ортаға салды. Фольклорлық ансамбльдің орындауындағы “Кербез сұлу” күйі көпшіліктің көңілінен шықты. Қазақтың кең даласын, кербез сұлу табиғатын көрермен көз алдына елестеткен күйдің құдіретін айтсаңызшы?! Әсем әуен өне бойын шарлап, алпыс екі тамырын идірді. Онлайн концерт барысында өзге де туындылар орындалып, көпшілік тамаша кештің куәсі болды.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.