«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЛГЕ АЙНАЛДЫ АВТОКӨЛІК, МОНША, ШӨП…


Облысымызда жыл басынан бері 671 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 400 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 37 адам, оның ішінде 2 бала қайғылы қазаға ұшырап, 26 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. 

Қазан айының алғашқы күні Петропавл қаласының Калюжная көшесінде тілсіз жау жеке тұрғын үйдің шатырын жойып, қабырғалары мен үй жиһаздарына зақым келтірді.
Дәл осындай оқиға Булаево қаласындағы жеке тұрғын үйде қайталанды. Сонымен қатар таңертең ерте осы қалада жеке тұрғын үйдің маңында тұрған “Фольксваген-Пассат” автокөлігі толығымен жанып кетті.
Түн ортасында Жамбыл ауданының Петровка ауылында иесіз жатқан баспана мен қора-қопсы жермен жексен болды.
Сондай-ақ Петропавл қаласының “Ракета” саяжай қоғамында шыққан өрттен монша күлге айналып, екі қабырғасы ғана қалды.
Апта сайын облыс тұрғындарының ондаған тонна шөбін жалмап келе жатқан от тыйылар емес. Атап айтқанда, Булаево қаласының, Золотая Нива ауылының, Есіл ауданының Петровка және Уәлиханов ауданының Көбенсай елді мекендерінің кейбір тұрғындарын шөп пен сабансыз қалдырып, жалпы алғанда 40 тоннадан астам шөп күлге айналды.
Өрттің бірінші белгісі – түтіннің иісін сезген жағдайда бірден “101” және “102” нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметке қоңырау шалыңыздар.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp